Қазақстандық теннисші Зарина Диас (№290) Мельбурнде басталған Australian Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алғашқы кездесуінде испандық Паула Бадосаға қарсы ойнаған ол 2:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.
Зарина желтоқсан айында Қытайдағы турнирде жеңіске жеткен соң, Wild Card арқылы Australian Open-2026 турниріне қатысу құқын иеленген еді.
Қалған қазақстандық теннисшілер беделді турнирді жеңіспен бастады. Бұған дейін Юлия Путинцева (№94), Александр Бублик (№10) және Александр Шевченко (№97) алғашқы кездесулерінде жеңіске жетті. Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы ойынын 20 қаңтарда Словения теннисшісі Кайи Юванға (№100) қарсы өткізеді.