Қостанайда жүргіншіні қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне үкім шықты

/
Қостанайда жүргіншіні қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне үкім шықты
istockphoto.com

2025 жылғы қазан айында Қостанай қаласында сотталушы «Тазалық-2012» ЖШС-ға тиесілі «КамАЗ 43253» маркалы жүк көлігін (қоқыс таситын көлік) басқарып, тұрғын үй ауласында артқа қарай қозғалып бара жатып, жаяу жүргіншіні қаққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргінші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Сотталушы кінәсін толық мойындады.

Жәбірленушілер мен олардың өкілі соттан жүргізушіге бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кәмелетке толмаған баласының бар екенін, жәбірленушілерге келтірілген мүліктік және моральдық зиянды ерікті түрде өтегенін, шын жүректен өкінуін және кінәсін толық мойындауын ескерді.

Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот жүргізушіні 2 жыл бас бостандығынан, 3 жыл көлік басқару құқығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары