"Екі ота жасатқан": Атырауда 7-сынып оқушысының жаттығу кезінде неден қайтыс болғаны белгілі болды

"Екі ота жасатқан": Атырауда 7-сынып оқушысының жаттығу кезінде неден қайтыс болғаны белгілі болды

Атырауда 7-сынып оқушысы жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Информбюро жаңалықтар қызметінің мәліметінше, баскетбол ойнап жүріп жерге құлаған Абдулазиз Тасболаттың жүрегі жедел жәрдем қызметі жеткенше тоқтаған. Ал жаттықтырушылар марқұм бұрын-соңды денсаулығына шағымданбады деп отыр.

"Ол екі жылдан бері осында тұрақты түрде келіп жүр. Бала қажетті медициналық анықтама қағаздарын өткізген. Академияға келген кезде ата-аналар арнайы медициналық картаны тапсырады. Ұл-қыздардың денсаулығын бақылайтын қызметкерлер бар. Жаттығу алдында ешқандай шағымы болмаған", – дейді баскетбол академиясының басшысы.

Қайғылы жағдай кеше таңғы уақытта болған. Баскетбол секциясына қатысатын 13 жастағы жеткіншек кезекті жаттығуына келген. Денелерін қыздырып болған балалар екі командаға бөлініп, жарысты бастайды. Ойын кезінде допқа таласқан Абдулазиз Тасболат кенеттен жерге құлаған. Баскетбол академиясының медбикелері балаға алғашқы медициналық көмек көрсеттік дейді. Бірақ оқушы оқиға орнында тіл тартпай кетіпті.

Белгілі болғандай, марқұмның туғанынан жүрегі ауырады екен. Оған екі мәрте ота да жасалған. Арнайы есепте де тұрған. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, ата-анасының сұрауымен спортпен айналысу үшін медициналық анықтама бергендерін жасырмайды. 

"Қайтыс болған бала бізде диспансерлік есепте тіркелген бала 2016 жылғы жүрек ақауына байланысты операция жасалған. 2021 жылы екінші отасын жасалған. Үнемі бақылауда жүрген бала. Жүректің туа біткен ақауы диагнозы қойылған. Учаскелік дәрігерінен рұқсатын алған. Мамасы келіп бұрыннан спортты өзінің жақсы көретінін айтып, қағазын алған", – дейді Атырау қалалық емханасының міндетін атқарушы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары