«Келісімшарт құны – 1,6 млрд теңге»: Таразда қант дауы сотқа жетті

/
«Келісімшарт құны – 1,6 млрд теңге»: Таразда қант дауы сотқа жетті
istockphoto.com

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «С» АҚ-ның «M» ЖШС-ға қатысты қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың қыркүйегінде тараптар арасында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 6 388,9 тонна қант жеткізу туралы шарт жасаған. Шартқа сәйкес жауапкер шарт сомасының 70% мөлшерінде алдын ала төлем алған, бұл 1,6 млрд теңгеден асады. Шарттық міндеттемелерді орындау мақсатында жауапкер 2025 жылдың желтоқсанына дейін 1088 тонна қант жеткізуге өтінім жолдады, алайда тауар белгіленген мерзімде жеткізілмеген.

Міндеттемелердің орындалмауына байланысты талап қоюшы сотқа қарыз және өсімпұлды өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді.

Сот талқылауы барысында сот тараптарды татуластыру шараларын қабылдады, нәтижесінде тараптар арасында жазбаша нысанда медиативтік келісім жасалды.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді, оған сәйкес жауапкер жеткізу көлемін 2026 жылғы наурызға дейін 7 бөлікке бөле отырып, шарт бойынша қант жеткізуді жүзеге асыруға, сондай-ақ 2026 жылдың 30 қаңтарына дейін 3 млн теңге мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндеттенді.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талап қоюшыға 48 млн теңгеден астам мөлшердегі мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары