ІІМ Қазақстан азаматтарының тұрақты тұру үшін шетелге шығуға арналған құжаттарды алу тәртібі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шығу — азаматтың шетелде тұрақты тұру ниетін ресми түрде рәсімдейтін, заңнамамен белгіленген рәсім.
ҚР "Халықтың көші-қоны туралы" заңына сәйкес, ҚР-дан тұрақты тұруға шығу ішкі істер органдарының шығуға арналған құжаттарды рәсімдеуінен кейін жүзеге асырылады.
ҚР-дан тыс жерге шығуға рұқсат алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгіну қажет.
Құжаттардың толық топтамасы тапсырылған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды, бұл ретте құжаттар қабылданған күн мерзімге кірмейді.
Мемлекеттік қызметтің құны — 1 айлық есептік көрсеткіш. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 4 325 теңгені құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан өтініш-сауалнама, ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері, ҚР-дағы шетелдіктің тұруға ықтиярхаты талап етіледі.
Сондай-ақ азаматтығы жоқ адамның куәлігі, егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты алименттерді өндіріп алу бойынша қолданыстағы атқарушылық іс жүргізу болған жағдайда заң бойынша күтіп-ұстауға міндетті кететін адамның отбасы мүшелері ҚР аумағында тұрақты тұрған жағдайда "Неке және отбасы туралы" ҚР Кодексінің көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады.
Ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы және он сегіз жасқа толмаған ҚР азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде ҚР аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі қажет.
Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін. Сондай-ақ мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін міндетті түрде ұсыну қажет.