Ұлттық ұлан қызметкерлері 18 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады

/
Ұлттық ұлан қызметкерлері 18 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады

2025 жылы 18 мыңға жуық құқық бұзушы, оның ішінде 700-ден астамы қылмыс белгілерімен ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Патрульдік-бекеттік қызмет бойынша 3 308 міндет орындалды, республика бойынша 985 бұқаралық іс-шарада қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

308 суық және атыс қаруы тәркіленді, есірткі заттарын тәркілеудің 153 фактісі тіркелді.

Қылмыстық-атқару жүйесінің 39 мекемесін және 1 өндіріс объектісін қорғау қамтамасыз етілді.

10 теміржол және 25 автожол маршруттары бойынша айдауылдау жүзеге асырылды.

Тыйым салынған заттарды ҚАЖ мекемелері аумағына тасымалдаудың 132 фактісі анықталды, сондай-ақ заңсыз өткізудің әртүрлі әрекеттері тоқтатылды.

Бақылау-өткізу пункттері арқылы тыйым салынған заттарды алып өтудің 45 әрекеті және 25 фактісіне тосқауыл қойылды.

Тыйым салынған заттарды жеткізуге қатысқан 100-ге жуық азамат ұсталды.

1 441 ұялы телефон, 689 SIM-карта, 724 пышақтау-кесу заты және бір суық қару тәркіленді.

Заңсыз айналымнан шамамен 2,7 кг есірткі заттары, жалпы көлемі 70 литрге жуық алкоголь бар сұйықтықтар тәркіленді.

423 797 теңге және 300 АҚШ долларын құрайтын ақшалай қаражат тәркіленді.

75 мыңға жуық сотталған және қамауда отырған адам тасымалданды, 2 мыңнан астам сот процесінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Ерекше бақылаудағы адамдарды әуе кемелерінмен тасымалдау үш рет ұйымдастырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары