"Линолеум төселген": Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіттері табылды

/
"Линолеум төселген": Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіттері табылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қазір тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр, дер хабарлайды turkystan.kz.

Atyrau OIL рредакцияның мәліметінше, екі адам қасақана өлтіріліп, кейін шаруашылық мақсаттағы құрылыста жасырын түрде көкөмілген. Мәйіттер көмілер алдында ғимараттың еденіне линолеум төселген. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен бейресми ортада қылмысқа жоғалған отбасының күйеу баласы қатысы болуы мүмкін деген нұсқа да айтылуда. Алайда бұл мәліметтерді құзырлы органдар растаған жоқ, сондықтан ол әзірге тек болжамдардың бірі ретінде қарастырылуда.

Бұған дейін полиция бірнеше адамның жоғалу дерегі бойынша аса ауыр бап аясында тергеу жүргізіліп жатқанын, ал іздестіру және тергеу шаралары күшейтілген режимде жалғасып жатқанын хабарлаған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары