Сейсмологтар Үндістанның шығысындағы Ассам штатында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді.
Орталықтың дерегіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 899 мың адам тұратын Гувахати қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 шақырым жерде, сондай-ақ 20,8 мың тұрғыны бар Динга елді мекенінен батысқа қарай 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Жерасты ошағы 10 км тереңдікте тіркелді.