Таразда Мәжіліс депутаттары Гүлдара Нұрым, Мұқаш Ескендіров және Әбутәліп Мұтали Мәншүк Мәметова атындағы №27 орта мектептің жаңа корпусының құрылысымен танысты. Жоба «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Бүгінде 600 оқушыға арналған жаңа үш қабатты ғимараттың құрылыс жұмысының 40% -ы орындалған, шатырын жабу, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру сынды жұмыстар жүріп жатыр. Кестеге сәйкес, нысан 2026 жылдың қараша айында салынып бітеді деп жоспарланған, алайда мердігер ұйым қыркүйекке дейін тапсыруға дайын екенін айтып отыр. Бұл мектеп оқушыларына жаңа оқу жылы партаға отыруға мүмкіндік береді.
Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрым атап өткендей, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат жаңа мектептер салуды және қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуді ғана емес, ең алдымен оқушылар мен олардың педагогтеріне қамқорлық жасауды да қамтиды.
– Соңғы жылдары мұғалімдерді қолдау бойынша түбегейлі шешімдер қабылданды. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғаннан бері алты жыл өтті, ол айтарлықтай нәтиже берді. Бес жыл ішінде орташа жалақы 109 мың теңгеден 390 мың теңгеге дейін өсті, мұғалімдердің жүктемесі 14 сағатқа қысқарды, ал педагогтардың 82% - ы қазір өздерінің еңбегі қоғамда бағаланады деп сенімді түрде айтады. Сонымен қатар, біліктілігі мен өтілі үшін үстемеақылар енгізілді, мұғалімнің ерекше құқықтық мәртебесі бекітілді, оқытушылардың бірнеше санаты үшін демалыс күндері ұлғайтылды, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақылар және тағы басқалары ұлғайды. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының бастамасымен және «AMнANAT» партиясының қолдауымен жүргізіліп жатқан дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Жаңа мектептер тек заманауи кабинеттерден ғана емес, сондай-ақ ынталы, қорғалған педагогтарден де құралуы тиіс, – деп атап өтті депутат.

Нысанның жай-күйін көрген депутаттар мектеп инфрақұрылымын дамыту мемлекет үшін басым міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Мұқаш Ескендіровтың айтуынша, өңірдегі оқушылар санының өсуі білім беру мекемелерін де тездетіп салуды қажет етеді.
– Жаңа оқу жылында өңірде 247 мыңға жуық оқушы болады, оның 20 мыңға жуығы 1-сыныпқа барады. Мектептердің құрылысы отбасылардың өмір сүру сапасына тікелей байланысты. Білім берудің қолжетімділігі туралы айтатын болсақ, бұл балалар мен ата-аналарға арналған нақты жағдайларға тікелей қатысты. Жаңа ғимараттар шамадан тыс жүктемені азайтады, екінші ауысымдар кемиді және қалыпты білім беру ортасы қалыптасады. Сондықтан мұндай нысандар біздің партиямыздың тұрақты бақылауында, – деп атап өтті ол.
Мәжіліс депутаттарының өңірлердегі кездесулері 5-13 қаңтар аралығында жалғасады. Жұмыс сапарлары барысында AMANAT, Ауыл, Ақ жол, ЖСДП, ҚПК және Respublica саяси партияларының парламенттік фракцияларының депутаттары сайлаушыларды қабылданған заңдар туралы хабардар етеді, олардың жергілікті жерлерде қолданылу барысын зерделейді және азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер мен проблемаларды тыңдайды.