Волонтерлік қызмет қарқынды дамып келеді

/
Волонтерлік қызмет қарқынды дамып келеді

Елордада волонтерлік қозғалыс жыл са­нап қарқынды дамып келеді. Бұл ту­ралы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің маманы Айзат Али мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінде Аста­нада 50-ге жуық волонтерлік ұйым тұрақ­ты жұмыс істейді.

– Жыл сайын волонтерлік қызмет туралы ақ­параттың артуына байланысты ерікті болу­ға ниетті азаматтардың саны да көбейіп ке­ле­ді. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер ара­сында волонтерлікке қызығушылық жо­ғары. Олардың бірі өзгелерге көмектесуді мақ­сат етсе, енді бірі шетелдік жоғары оқу орын­дарына түсу үшін портфолиосын жақ­сар­туды көздейді, – деді ол.
Айзат Алидің сөзінше, волонтерлік ұйым­дар­дың жұмысын үйлестіру мақсатында 2019 жы­лы Қалалық волонтерлер штабы құрылған.
– Қалалық волонтерлер штабы алты жыл­дан бері «Астана жастары» орталығының ба­за­сында жұмыс істеп келеді. Бүгінде штаб 30 во­лонтерлік ұйыммен, 20 бастамашыл топ­пен және 4 үкіметтік емес ұйыммен ынты­мақ­тастық орнатқан. Қазір штаб құрамында 8 мыңнан астам белсенді волонтер бар, – деп атап өтті маман.
Волонтерлік ұйымдармен бірлескен жұ­мыс­тар аясында түрлі әлеуметтік және эко­ло­гиялық бағыттағы жобалар жүзеге асыры­лып келеді.
– «Қауіпсіз қала», «Қамқорлық мекен­жай­лары», «Ардагерлерді ардақтайық», Taza Alem, Taza Qazaqstan, Stop Vandal, «Марафон добрых дел», «Есірткісіз елорда» акциялары аясында бар­лығы 1 310 іс-шара өткізілді. Бұл шаралар бары­сында азық-түлік себеттері таратылып, киім-кешек пен жиһаз жеткізілді, адамдарды іздеу және оқыту бағытында көмек көрсе­тіл­ді, – деді Айзат Али. Оның айтуынша, волон­тер­лер атқарған еңбегі үшін ақы алмайды, алайда оларды ынталандыру маңызды. 
– Қазір волонтерлерге мәдени іс-шаралар мен концерттерге билеттер беру арқылы қол­­дау көрсетіп келеміз. Волонтерлік қыз­мет­ті еңбек өтілі ретінде есептеу мәселесі бір­неше рет көтерілгенімен, әлі заң жүзінде бе­кітілген жоқ, – деді ол.
2025 жылы елордалық волонтерлер рес­пуб­ликалық және халықаралық деңгейдегі ірі іс-шараларға белсенді атсалысқан. «Астана жас­тары» волонтерлері 130-дан астам ірі іс-шара­ға қатысты. Соның ішінде Дженнифер Ло­пес пен Backstreet Boys концерттері бар. Бұл шараларға қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерін меңгерген 140 волонтер тартылды, сондай-ақ қытай, түрік, корей, итальян және не­міс тілдерін білетін еріктілер де болды, – де­ді маман.
Экологиялық бағытта да ауқымды жұ­мыс­тар атқарылған. Taza Alem жобасы аясын­да 55 экосенбілік өткізілді. Оның ішінде Есіл өзе­нінің жағалауын тазарту бойынша 25 іс-ша­ра ұйымдастырылды. 20 үкіметтік емес ұйымның қатысуымен 10 мыңнан астам волонтер мен   4 мың қала тұрғыны тартылды, – деді Айзат Али.
Сондай-ақ еріктілер 800 ағаш отырғызуға атсалысып, оның екі шарасы Мемлекет бас­шы­сының қатысуымен өткенін атап өтті.

«Қам­қорлық мекенжайлары» жобасы аясында 70 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсе­ті­ліп, қар тазалау бойынша 40 акция ұйым­дас­ты­рылды. Бұл жұмыстарға 3 мыңнан астам во­лонтер мен кәсіпорын қызметкерлері тар­­­­­тылды, – деп қорытындылады ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары