Өскеменде көп қабатты үйдің кіреберісінде жас жігітті тоқ соқты

/
Өскеменде көп қабатты үйдің кіреберісінде жас жігітті тоқ соқты
istockphoto.com

Оқиға 25 жетоқсан күні кешке Өскемен қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің кіреберісінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тоқ соғып, оны шетке лақтырып жіберген. Алайда медицина қызметкерлері жедел түрде реанимациялық шаралар жүргізіп, оны ауруханаға жеткізді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Қала әкімдігі оқиғаны растады. Тоқ соғуына есікте орнатылған прожектор себеп болған. Ол қазір өшіріліп, мамандар қауіп-қатерді жойды. Тұрғындардың айтуынша, бір ай бойы есіктен электр тоғы ұрып тұрған. Қазір тиісті органдар бұл оқиғаға кімнің жауапты екенін анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары