Роза Әлқожа інісін қалай жұлдыз қылғанын айтты

/
Роза Әлқожа інісін қалай жұлдыз қылғанын айтты

Роза Әлқожа әлеуметтік желіде өзінің партфолиясын жариялады. Онда әншінің інісін қалай жұлдыз еткені жайында баяндаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

"2012 жылы інім ауылдан келсе соған “Анажан, “Бақыттың тұрағы қайда?!” деп ән жазып бердік. Оны тегін өңдеп берген сазгер, өңдеуші - Ермек Елгезековке мың алғыс! Әнші болғым келеді” жобасына алып шығыппын. Одан кейін “Әпке,” “Ана-әке,” “Мінәжат,” “Жалғыз жапырақ,” “Сағындым” деген әндерге Ташкентте бірге бейнебаян түсірдік.  Хамит Абдулламен студия ашып, альбомдар жаздық. Ән сапарға бірге шығып, онымен бірге өзім де шыңдалдым.  2014 жылы Әбді-жаппардың Қазақстан Жазушылар Одағында “Ана туралы жыр” атты ән кешін өткізіп, “Жолданбаған хат” деген альбомын шығардық. 2015 жылы екеуміз тағы да ән жинақтарын шығарып, “Әпке” деген кеш бердік.  Үйлендіріп, тойын жасап, бөлек шығардық. Мұқағали Мақатаевтың кешіне, өзімнің кештеріме бірге шыға жүріп, өз бетімен жұмыс жасауға бекінді.  Осы кезде Қарлығаш Бисалиева, Толқын Сейдолла, Ғалия Байбосынова сияқты продюссерлердің көмегі тиді. Ғалия Шаудырбаева, Гүлбағыш Бостан сияқты журналистердің телеарнаға, радиоға, түрлі хабарларға қатыстырған насихаттаған еңбегі бар", - деп жазды Роза Әлқожа.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары