Еркебұлан Тоқтардың "сүйіктісіне" сөз салғаны жарнама болып шықты

/
Еркебұлан Тоқтардың "сүйіктісіне" сөз салғаны жарнама болып шықты

Актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде блогер Ақбота Нұрахынмен жақын қарым-қатынаста екенін байқатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы блогерді әуежайдан гүлмен күтіп алып, кейін тіпті екеуі бірге романтикалық кешкі асқа барған. Кездесу барысында Ақбота Нұрахынға құшақ-құшақ гүл сыйлап, сөз салудың ырымын жасаған.

Кейін әлеуметтік желіде блогерді қапсыра құшақтаған суретін жариялағы актер: "Шулаймыз-шулаймыз" - деп жазды.

Алайда мұның бәрі жарнама үшін жасалғаны түсірілім екені бүгін ғана белгілі болды. Бұл жайында актер өзі мойындаған.

"Біздің дүкенде осындай видеолар бар", - деп жазды ол бұған дейінгі фото-видеоның арнайы мақсатта түсірілгенін меңзеп.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары