Қазақстан дәстүрлі қуат көзін игеруде жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі – Тоқаев

Қазақстан дәстүрлі қуат көзін игеруде жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода өтіп жатқан «Орталық Азия-Жапония» саммитінде Қазақстан дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Таза» энергетиканың дамуын ұзақ мерзімді стратегиялық басымдық ретінде қарастырамыз. 

Еліміз «жасыл» технологияларды қолдана отырып, дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі. 

Геосаяси тұрақсыздық пен қуат көздеріне сұраныс ұдайы артып келе жатқан жағдайда әлем экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ететін көмірсутегі ресурстары айрықша маңызға ие. 

Біз теңгерімді әрі әділ энергетикалық жүйеге ауысу қажет деген ұстанымды қолдаймыз.

Қазақстан көмір өндірісі бойынша әлемдегі он үздік елдің қатарына кіреді. Көмір еліміздің энергетикалық балансының шамамен 70 пайызын құрайды.

Сондықтан осы табиғи байлығымызды қуатты энергия көзі ретінде пайдалану үшін ең озық технологияларды тартуға бейілміз», – дейді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары