Алматыда құтқарушы жол апатынан қаза тапты

/
Алматыда құтқарушы жол апатынан қаза тапты
коллаж

Алматы облысында қызмет бабымен жолға шыққан құтқарушы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы HALYQSTAN Telegram арнасы жазды.

Алматы облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері тізгіндеген қызметтік көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған. Марқұмның жақындары қайғылы жағдайға техниканың әбден ескіруі түрткі болды деп отыр.

Апат 12 желтоқсанда Алматы–Қапшағай–Бақанас тас жолында болған. УАЗ маркалы қызметтік көлікте екі құтқарушы отырған. Жолдың көктайғақ болуы салдарынан көлік сырғып, басқарудан шығып, аударылып кеткен. Оқиға болған жерде ұялы байланыс ұстамағандықтан аман қалған жолаушы көмек шақыру үшін жаяулап трассаға шыққан. Дегенмен келген медицина қызметкерлері жүргізушінің өмірден өткенін анықтаған.

Қаза тапқан азамат – Фархад Аманбаев. Туыстары апатқа түскен көлік қызметке жарамсыз күйде болғанын, ал оны есептен шығарылған жедел жәрдем көлігінің бөлшектерімен «құрастырып» жөндегенін айтады. Олар ескі әрі қолдан жасалған жөндеуден өткен техникамен полигонға жібергені үшін мекеме басшылығын жауапты көреді.

Айтқандарына дәлел ретінде марқұмның жақындары бірнеше видеоматериал ұсынған. Соның бірінде Фархад Аманбаев апатқа шамамен бір сағат қалғанда рөлде келе жатып әріптестеріне үндеу жасап, көлікті жөндеуге кіріскеннен кейін неге оны дұрыс, сапалы істемегендерін сынағаны көрінеді. Тағы бір түсірілімде құтқарушылардың сол УАЗ-ды өздері жөндеп жатқан сәті көрсетілген. Бұдан бөлек, қызметкерлер көлікті жөндетуге әрқайсысы 6 мың теңгеден жинағанын айғақтайтын фото да бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары