Ақтаулық оқушысы Еуразиялық информатика олимпиадасының алтын жүлдегері атанды

/
Ақтаулық оқушысы Еуразиялық информатика олимпиадасының алтын жүлдегері атанды
Маңғыстау облысы ҚКО

NIS Ақтау оқушысы Азамат Жолжан Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында өткен XVII Еуразиялық информатика олимпиадасында I орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, беделді халықаралық білім додасының финалдық кезеңі 15–16 желтоқсан күндері өтіп, оған Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 216 оқушы (72 команда) қатысты.

Аталған олимпиада оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыруға, есептеу ғылымдары мен ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтауға бағытталған.

Оған дейін, Азамат информатикадан 2024 жылы XVI Евразия олимпиасының күміс жүлдегері атанса, сол жылы Халықаралық “Туймаада” олимпиадасының қола жүлдегері атанған.

Айта кетейік, олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 31 оқушы қатысып, олардың 29-ы жүлдегер атанды. Жалпы есепте NIS оқушылары 4 алтын, 6 күміс және 19 қола медаль жеңіп алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары