Қарашада 11 өңірде инфляция түсті

/
Қарашада 11 өңірде инфляция түсті
istockphoto.com

Қарашада елде жылдық инфляция 12,4% болды (қазанда – 12,6%), деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляция 11 өңірде баяулады, 5 өңірде жеделдеп, 4 өңірде бұрынғы деңгейде қалды. 

Қарашада азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,4%-ды құрады (қазанда – 13,5%). Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (17,1%) ең жоғары, ал Алматы қаласында (11,2%) ең төмен өсті.

Қарашаның қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 11,2% болды (қазанда – 11,0%). Ең жоғары мән Ақтөбе және Жетісу облыстарында (13,2%-дан), ең төменгі мән Батыс Қазақстан облысында (8,6%) тіркелді.

Қарашада ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 12,3%-ға дейін баяулады (қазанда – 12,9%). Сонымен қатар Қызылорда және Маңғыстау облыстарында (9,4%-дан) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен өсті.

Қарашада ел бойынша айлық инфляция 0,8%-ға өсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары