14 қазан күні таңертеңгі жағдай бойынша WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,79%-ға өсіп, барреліне 94,88 долларды құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,72%-ға көтеріліп, барреліне 106,45 долларға жетті.
Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы да 2,29%-ға өсіп, барреліне 120,94 долларды құрады.
Мұнай бағасының өсуіне энергетикалық ресурстарды жеткізуде іркілістер болуы мүмкін деген қауіптер әсер етіп отыр. Бұған дейін хуситтер Эр-Рияд пен Хурайс қалаларындағы Saudi Aramco нысандарына баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы беріп, ірі өрттердің шығуына себеп болған.
Сондай-ақ Эр-Риядтағы Король Халид атындағы әуежайға шабуыл жасалған. Осыдан кейін бірнеше араб елінің әуе компаниялары Сауд Арабиясына қатынайтын рейстерін уақытша тоқтатты немесе мүлдем тоқтатты. Әуежай да рейстерге қызмет көрсетуді уақытша доғарды.
Сонымен қатар нарық қатысушылары Ресейден АҚШ-қа дизель отынын жеткізу көлемін арттыру мүмкіндігін бағалап жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Ресей дереу 300 мың тоннадан астам дизель отынын жеткізуі керек. Тағы 500 мың тонна қараша айында, ал 1 миллион тонна одан кейін жеткізілуі тиіс.
Ресей тарапы да оның мәлімдемесін растады. Ресей билігі АҚШ нарығына және әлемнің басқа елдеріне мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өтті.