Биржада доллар бағасы күрт көтерілді

/
Биржада доллар бағасы күрт көтерілді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 453,93 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 4,06 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 9 қазанға белгілеген ресми доллар бағамы 448,94 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 453,84 теңге, ал сату бағамы 456,03 теңге. Астанада доллар орта есеппен 449 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр. Шымкентте долларды сатып алудың орташа бағамы 453,87 теңге болса, сату бағамы 456,13 теңгені құрайды.

Еске салайық, 28 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 0,23 теңгеге төмендеген. 29 қыркүйекте бағам 1,83 теңгеге төмендеп, 30 қыркүйекте 1,59 теңгеге өскен. 1 қазанда доллар бағамы 1,42 теңгеге, 2 қазанда 5,47 теңгеге, ал 5 қазанда 6,62 теңгеге жоғарылаған. 6 қазанда бағам 1,71 теңгеге, 7 қазанда 5,6 теңгеге төмендеген. Ал 8 қазанда доллар бағамы қайтадан 1,73 теңгеге өскен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары