Доллар бағасы тағы төмендеді

/
Доллар бағасы тағы төмендеді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 448,45 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,68 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 13 қазанға белгілеген ресми доллар бағамы 451,31 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 448,74 теңге, ал сату бағамы 450,77 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 446,01 теңгеден сатып алынып, 453,02 теңгеден сатылуда. Шымкент қаласында долларды сатып алудың орташа бағамы 448,76 теңгені, ал сату бағамы 430,55 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 5 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 6,62 теңгеге өскен болатын. 6 қазанда 1,71 теңгеге, 7 қазанда 5,6 теңгеге төмендеді. Ал 8 қазанда 1,73 теңгеге, 9 қазанда 4,06 теңгеге өсті. 12 қазанда доллар бағамы тағы да 2,65 теңгеге төмендеген еді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар