Ақтөбе облысында шетелдік азаматтар қар құрсауында қалып қойған

/
Ақтөбе облысында шетелдік азаматтар қар құрсауында қалып қойған
Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Ақтөбе облысы, Әйтеке би  ауданы аумағында республикалық маңызы бар автожолының 975-шақырымында техникалық ақауға байланысты жолаушылар автобусы тоқтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәскеу қаласынан Тәжікстан Республикасына бағыт алған автобуста болған 57 адам, оның ішінде 3 бала ТЖД күштерімен құтқарылды. Құтқарылғандардың барлығы – Тәжікстан Республикасының азаматтары. Олар Қарабұтақ ауылындағы мешітте орналасқан жылыту пунктіне орналастырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сонымен қатар, бүгін Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жергілікті маңызы бар «Жосалы – Ашылысай» автожолында да авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қар құрсауында қалған екі автокөліктен Ташкент қаласынан Мәскеу қаласына жол тартқан Өзбекстан Республикасының 11 азаматы құтқарылды. Автокөліктер қардан шығарылып, Жосалы ауылына сүйретіліп жеткізілді.

Құтқарылған азаматтар Жосалы ауылындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылған жылыту пунктіне орналастырылды. Олардың да медициналық көмекке мұқтаж еместігі анықталды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары