Астанада қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады

/
Астанада қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады
Фото: CTS

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астанада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328, 329 қала маңындағы маршруттардың қозғалысы тоқтатылған.

Қалған қала маңындағы маршруттар желіде жұмыс істеп тұр.

Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары