Оралда 5 қабатты үйде қуатты жарылыс болды

/
Оралда 5 қабатты үйде қуатты жарылыс болды
видеодан скриншот

Бүгін шамамен сағат 14:00-де Орал қаласында орналасқан 5 қабатты үйлердің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үшінші қабаттағы пәтерден өрт шыққан. Өрт сөндірушілердің бірі баспалдақ арқылы жоғары көтеріліп жатқан кезде жарылыс болған. Жарылыстың толқыны балконды түгелдей опырып әкеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің 112 қызметіне бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің балконынан қою түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері пәтер ішінде жеке заттар мен жиһаздың ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтаған.

«Өртті сөндіру газ-ауа қоспасының жарылысына байланысты күрделене түсті. Жарылыс салдарынан терезе рамасы мен балкон қабырғасы қиратылды. Құтқарушылардың дер кезінде жүргізген эвакуациясының арқасында ауыр зардаптар болмады. Тұрғындар мен қызметкерлер арасында зардап шеккендер жоқ. Көршілердің айтуынша, бұл пәтерде ешкім тұрмаған», – деп хабарлады ТЖМ.

Өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары