Магнийді тым көп ішу зиян ба?

/
Магнийді тым көп ішу зиян ба?
istockphoto.com

Магний – ағзадағы негізгі минералдардың бірі. Онсыз ағза дұрыс жұмыс істемейді. Бұлшық еттің жиырылуы, ақуыздың синтезделуі, ферменттердің жұмысы – түгел магнийге байланысты. Ағзада магний жетіспейтінін қалай білуге болады? Магнийді тым көп ішу ағзаға зиян ба? Ресейдің Пирогов университетінің сарапшысы Денис Борозденко осы сұрақтарға жауап берді.

 – Адам ағзасы үшін магний неге маңызды?

 – Магний ионының (Mg²⁺) көлемі кішкентай және оның қуат беру қабілеті жоғары. Сол себепті көп энергияны талап ететін барлық процесс магнийге мұқтаж.

 – Ағзаға магний жетіспейтінін қалай білуге болады?

 – Магний дефицитінің ерекше симптомы жоқ. Дегенмен бұлшық ет бірінші белгі беруі мүмкін: қабақтың қозғалуы, бұлшық еттің түйілуі, аяқ-қолдың ұюы. Сондай-ақ неврологиялық белгілер болады: ашушаңдық, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, үнемі шаршап жүру, бас ауруы. Жүрек қағысы жиілеуі мүмкін.  

– Магнийдің тым көп болуы ағзаға зиян ба?

 – Иә, қауіпті. Бүйректер сау болса артық магнийді ағзадан дереу шығарады. Сондықтан магний мөлшері тамақ арқылы артпайды. Түрлі қоспаларды оңды-солды ішсеңіз магний мөлшері көбейеді. Егер бүйректер сау болмаса, жағдай қиындайды. Магнийдің көптігі жүйке жүйесі мен бұлшық етке зиян.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары