Қазақстандағы 100 мектепте тағы бір пилоттық жоба іске қосылды

/
Қазақстандағы 100 мектепте тағы бір пилоттық жоба іске қосылды

Биылдан бастап 100 мектепке дейінгі ұйымда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Балаларды ерте жастан дамыту, сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында бірқатар бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, мемлекеттік тілді тереңдетіп үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» жобасы өткен жылы 5 өңірде - Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО облыстары мен Астана қаласы 135 балабақшада сынақтан өтіп, биылғы жылдан бастап жаппай енгізілуде. Биылғы жылдан бастап 100 мектепке дейінгі ұйымда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы басталды. Өңірлерде экологиялық жобалар іске асырылуда, оның ішінде экологиялық бағыттағы 190 жуық «Жасыл балабақша» жұмыс істейді", - деп жазылған Оқу-ағарту министрлігі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары