Шығыс Қазақстан облысының Саратов ауылдық округінде учаскелік инспектор жергілікті тұрғынның құжатсыз ұзақ уақыт жүргенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ер адам жеке куәлігін 2010 жылы жоғалтқан және оны қалпына келтіру үшін 15 жыл бойы ешқандай әрекет жасамаған.
«Учаскелік инспектор Әсет Ескендіров азаматқа жан-жақты көмек көрсетті. Ол қажетті деректерді жинап, Қасым Қайсенов ауылына барып, барлық талап етілетін құжаттарды толтыруға көмектесті және ер адамды Халыққа қызмет көрсету орталығына алып барды», — деп хабарлады полиция.
Полиция қызметкері өтініш беруден бастап нәтижесін алғанға дейінгі процесті толықтай қадағалады. 8 желтоқсанда тұрғын жаңа жеке куәлігін алды.