Қыста ең пайдалы көкөніс – қырыққабат. Бұл туралы kp.ru сайтына ФГБУН «ФИЦ питания и биотехнологии» зерттеу институтының диетологы, терапевті, медицина ғылымдарының кандидаты Татьяна Солнцева айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маманның айтуынша, барлық крестоцветті көкөністер калориясы аз, бірақ құрамында ағза үшін маңызды көптеген дәрумендер мен қоректік заттар бар. Олар ішектің жұмысын жақсартып және артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Сонымен қатар, брокколи, гүлді қырыққабат және кейл сияқты көкөністерде антиоксиданттар мен фитонутриенттер мол, олар қабынуды азайтып, иммунитетті қолдайды. Брокколиде рак ауруларының қаупін төмендететін сульфорафан бар, ал кейл жапырақтарында көздің саулығына пайдалы заттар кездеседі.
Қысқы мәзірге осы көкөністерді қосу ағзаның жалпы денсаулығын қолдауға және иммунитетті күшейтуге септігін тигізеді.