Өңірде қалың қар жауып, жол қозғалысын айтарлықтай қиындатты. Өскемен — Алтай, Өскемен — Риддер және Өскемен — Семей бағыттарында қозғалыс баяулап, кей жерлерде мүлде тоқтап қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ең күрделі жағдай Герасимовка ауылының маңында болды. Мұнда шамамен 150 автокөліктен құралған колонна қар құрсауында қалып, әрі қарай жүре алмаған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жағдайды дер кезінде бақылауға алып, жүргізушілерге бағыт-бағдар беріп, қауіпті учаскелерден өтуге көмектесті. Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерге тоңып қалмас үшін ыстық шай ұсынды.
Полиция тұрғындарды жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеруге, барынша сақ болуға шақырады.