Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жастары Астанада грекиялық «Олимпиакосты» жеңді

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жастары Астанада грекиялық «Олимпиакосты» жеңді
fckairat_academy

«Қайрат» (U19) командасы «Астана-Аренада» өткен UEFA Жасөспірімдер лигасы жалпы кезеңінің алтыншы турында грекиялық «Олимпиакостағы» қатарластарынан басым түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қайрат» (U19) командасының құрамы: Шерхан Қалмұрза, Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мұхамедали Әбіш, Карим Мұхаметжан, Мансұр Бірқұрманов, Әкежан Калиқұлов, Рамазан Бағдат.

Ойынның 4-минутында Рамазан Бағдат есеп ашса, 57-минутта Мұхамедали Әбіш есепті еселей түсті. Осылайша, «Қайрат» жастары 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – алматылық жастардың UEFA Жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісі. Оған дейін олар португалиялық «Спортинг» (2:3), испандық «Реал» (1:4), кипрлік «Пафос» (1:3), италиялық «Интер» (0:3) командаларынан жеңіліп қалған-тын. Сонымен қатар, даниялық «Копенгаген» жастарымен тең түсті (2:2).

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары