Жұма, 5 желтоқсанда сағат 19:00-де ауа райының нашарлауына байланысты екі облыстағы тас жолдарда жүк және қоғамдық автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" жазды.
Ақмола облысында Астана - Қарағанды - Алматы тас жолының 30-92 шақырым аралығы. Учаске: Жібек Жолы бақылау-өткізу бекетінен Қарағанды облысының шекарасына дейін.
Қарағанды облысында Астана - Қарағанды - Алматы тас жолының 92-164 шақырым аралығы. Учаске: Ақмола облысының шекарасынан Теміртау бақылау-өткізу бекетіне дейін.
Жолдардың ашылу уақыты алдын ала 6 желтоқсанда сағат 09:00 деп көрсетілді.
Тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 колл-орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады.