Қостанайда оқушылар үшін қашықтан оқу мерзімі ұзартылды

/
Қостанайда оқушылар үшін қашықтан оқу мерзімі ұзартылды
ашық дереккөзі

Қостанай қаласының білім бөлімі қаладағы 37 жалпы білім беретін мектепте қашықтан оқыту режимін осы аптаның соңына дейін – 2025 жылғы 5 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шешім оқушылар арасындағы сырқаттану деңгейіне жүргізілген мониторинг негізінде қабылданған.

«Бұл білім беру процесіне қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Алдағы өзгерістер туралы қосымша хабарлаймыз», – делінген ведомство хабарламасында.

Оқушылар мен ата-аналарға сабақ форматы жөніндегі өзекті ақпаратты алу үшін мектептердің және қалалық білім басқармасының ресми жаңартуларын қадағалап отыру ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары