Қарағандыда екі бірдей жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бірінші оқиға 2 желтоқсан күні шамамен 16:25-те Карл Маркс көшесінде болған.
32 жастағы қалалық автобус жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсі жанғанда маневрді аяқтап жатқан. Сол сәтте 14 жастағы қыз қоғамдық көліктің тоқтағанын күтпей, жолға жүгіріп шыққан.
Зардап шеккен қыз медициналық мекемеге жеткізілді.
Екінші оқиға 15:38-де Воины-Интернационалисты көшесінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 20 жастағы BMW автокөлігінің жүргізушісі реттелетін жаяу жүргінші өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол тыйым салынған қызыл шамға қарамастан жолға жүгіріп шыққан. Жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды.
«Фактілер полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — делінген хабарламада.