«146 адам қаза тапқан»: Гонконгтағы тұрғын үй өртіне қатысты 13 адам ұсталды

/
«146 адам қаза тапқан»: Гонконгтағы тұрғын үй өртіне қатысты 13 адам ұсталды
Фото: CCTV

Гонконг билігі Wang Fuk Court тұрғын кешеніндегі ірі өртке байланысты абайсызда адам өлтіру күдігімен 13 адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу жалғасуда, ұсталғандардың саны артуы мүмкін.

Өрт 26 қараша күні Тайпоу округінде болды. Оқиға салдарынан 146 адам қаза тауып, тағы шамамен 100 адам із-түссіз кеткендер тізімінде тұр. Тұрғын кешенінде шамамен 2 мың пәтер болған, онда 4,8 мыңға жуық адам, соның ішінде көптеген қарт тұрғындар өмір сүрген.

Тергеу барысында тексерілген 20 құрылыс торының жеті үлгісі өртке төзімділік стандарттарына сай емес екені анықталды. Билік өкілдерінің пікірінше, бұл материалдардың жанғыш пенополиуретанмен бірге қолданылуы өрттің тез таралуына ықпал етуі мүмкін.

Бұған дейін Гонконгтағы тұрғын кешеніндегі ірі өртке қатысты іс бойынша сегіз адамның ұсталғаны хабарланған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары