Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жерасты дүмпулері 5 қарашада Астана уақытымен сағат 15:55-те (Гринвич уақыты бойынша 10:55) тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан. Оның координаттары солтүстік ендіктің 41,94 градусы және шығыс бойлықтың 88,13 градусы болды.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,5, энергетикалық класы 11,1 болды.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін 3 қарашада Қытай аумағында магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 19:02-де тіркелген.