OpenAI-дың Sora жобасында ғылыми қызметкер болып жұмыс істейтін Габриэль Петерссонның еңбек жолы басқалардыкіне ұқсамайды. Ол университет бітірмеген, 19 жасында оқуды тастап кеткен. Бірақ мансабын да, білімін де ол жасанды интеллектпен бірге құрды, деп хабарлайды turkystan.kz bussinesinsider.com-ға сілтеме жасап.
2019 жылы Петерссон бағдарламалауды ChatGPT-мен үйрене бастайды: нейрожелімен бірге жобалар жасайды, қателерді түзетеді, түсінбеген жерін сұрайды, машиналық оқытудың күрделі математикасына дейін тереңдетіп оқиды.
Ал 2025 жылы ол OpenAI-ға ресми түрде жұмысқа қабылданды, ал бұл – әдетте тек докторлық дәрежесі бар ғалымдарға арналған лауазым.
«Университеттер енді іргелі білімнің жалғыз көзі емес. Қазіргі кезде барлық базалық білімді ChatGPT-ден де алуға болады», – деді Петерссон «Extraordinary» подкастында. Оның сөзінше, кәсіби өсуге қазір диплом емес, ынта, үздіксіз ізденіс және технологияны дұрыс пайдалану көбірек әсер етеді.