Күн сайын кофе ішу адамды 5 жылға "жасартуы" мүмкін

/
Күн сайын кофе ішу адамды 5 жылға "жасартуы" мүмкін
сурет: istockphoto.com

Күніне 3-4 кесе кофе ішу адам жасушаларын шамамен 5 жылға "жасартуы" мүмкін. Мұндай қорытындыны теломерлердің ұзындығын зерттеген ғалымдар келтіріп отыр. Теломерлер – ДНҚ ұштарындағы қорғаныш «қалпақшалары», олар жас ұлғайған сайын қысқара береді, деп хабарлайды turkystan.kz mentalhealth.bmj.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, күніне 3-4 кесе кофе ішетін адамдардың теломерлері мүлдем кофе ішпейтіндерге қарағанда айтарлықтай ұзын болған. Яғни, кофені қалыпты мөлшерде тұтыну жасқа байланысты өзгерістерді баяулатуға сеп болуы ықтимал.

Ғалымдар бұл нәтижелер кофе құрамындағы антиоксиданттардың әсеріне байланысты болуы мүмкін екенін атап өтеді. Дегенмен, олар нақты себеп-салдарлық байланыс орнату үшін қосымша зерттеулер қажет екенін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары