Енді бұрынғы полицейлер мен судьялар мұғалім болып жұмыс істей алады

/
Енді бұрынғы полицейлер мен судьялар мұғалім болып жұмыс істей алады
istockphoto.com

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі педагог лауазымдарының Типтік біліктілік сипаттамаларына түзетулер әзірледі. Ведомствоның бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеген, сондай-ақ басқа мамандықтар бойынша білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдарға білім беру ұйымдарына «Құқық негіздері» пәнінің мұғалімі және кәсіби бағдар беруші педагог ретінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады министрлік.

Құжат жобасы 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары