Ашытылған қырыққабаттың пайдасы қандай?

/
Ашытылған қырыққабаттың пайдасы қандай?
сурет: istockphoto.com

Ашытылған қырыққабат – дәстүрлі қазақ және славян асханасының ажырамас бөлігі ғана емес, денсаулыққа айтарлықтай пайдалы табиғи өнім. Диетологтардың айтуынша, оның құндылығы бірнеше маңызды қасиетпен байланысты, деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Ең алдымен, ашытылған қырыққабат ішектегі микробиотаны күшейтіп, қабыну процестерін азайтуға көмектеседі. Ашыған кезде пайда болатын табиғи пробиотиктер иммундық жүйенің тұрақтылығын арттырады.

Өнімнің құрамында А және С витаминдері, сондай-ақ кальций мен магний бар. Бұл минералдар сүйек пен бұлшықет денсаулығын қолдап, тері мен иммунитетті нығайтуға әсер етеді.

Талшыққа бай қырыққабат ас қорыту жүйесін жақсартып, тоқтық сезімін ұзақ сақтайды. Диетологтар оны күнделікті рационға қосу артық салмақтың алдын алуға да ықпал ететінін айтады.

Мамандардың айтуынша, ашытылған қырыққабат маусымдық суық тию кезеңінде де ағзаны қолдайтын өнімдердің бірі саналады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары