“Қазгидромет” баспасөз қызметі 20 қараша, бейсенбі күніне арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, бозқырау мен көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +5…+7°С.
Алматыда ауыспалы бұлтты ауа райы болжанады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +14…+16°С.
Синоптиктер 2025–2026 жылдардың қыс мезгіліне (2025 жылғы желтоқсан – 2026 жылғы ақпан) және 2026 жылғы наурыз айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Алдын ала болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде қыс біршама жылы өтеді деп күтіледі.