Жібіген етті қайта қатыруға бола ма?

/
Жібіген етті қайта қатыруға бола ма?
сурет: istockphoto.com

Етті тоңазытқыштан шығарып, жібітіп қойдыңыз да, тамақ пісіруге зауқыңыз соқпай қалды. Етті қайтадан мұздатуға бола ма? Мұздату кезінде ет талшықтарындағы су мұз кристалдарына айналады. Төмен температура бактериялардың дамуын тежейді, бірақ оларды өлтірмейді – микробтар жай ғана «ұйықтап жатады». Ал ет жылыған сәтте олар қайтадан белсенді бола бастайды. Сондықтан қауіпсіздік тұрғысынан ең маңыздысы – ет жібіген кезінде қандай күйде болғаны, ,деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Егер ет тоңазытқышта баяу жібісе, температура +4 °C-тан аспаса, оны қайта мұздатуға болады. Өнім толық еріп кетпесе, құрамындағы мұз сақталып қалса, бактериялар "оянып" үлгермейді. Ал егер етті үстел үстінде немесе жылы суда жібіткен болсаңыз, онда қайта мұздату қауіпті: +5 °C шамасында бактериялар тез көбейіп, кейін мұздатылғанда да сақталып қалады.

Тағы бір маңызды фактор – сапа. Әр мұздату және жібіту кезінде мұз кристалдары ет талшықтарын зақымдайды, нәтижесінде ет шырындылығын жоғалтады және дәмі бәсеңдейді. Сондықтан мұндай етті жеу қауіпті емес, бірақ оның құрылымы мен дәмі бұрынғыдай болмайды.

Қысқасы, ет тоңазытқышта жібітілген болса, қайта мұздатуға болады. Ал бөлме температурасында немесе жылы суда ерісе, болмайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары