Жер бетіндегі 2,2 миллиард адам өмірінде интернетке кіріп көрмеген

/
Жер бетіндегі 2,2 миллиард адам өмірінде интернетке кіріп көрмеген
сурет: istockphoto.com

Бір қарағанда, бүгінде бәрі онлайн өмір сүріп жатқандай көрінеді. Алайда БҰҰ-ның халықаралық телекоммуникациялар одағы (ITU) таратқан жаңа есеп бұл ойды жоққа шығарады: Жер тұрғындарының төрттен бірі, яғни 2,2 миллиард адам өмірінде интернетке кіріп көрмеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Халықаралық зерттеуге сәйкес, әлем бойынша шамамен 6 миллиард адам интернетті белсенді түрде пайдаланады. Бірақ цифрлық теңсіздік әлі де айқын байқалып отыр: Африка елдерінде халықтың 64%-ы желіге мүлде қосылмаған, ал тіпті дамыған Еуропада да 12% тұрғын интернет қолданбайды.

БҰҰ өкілдері атап өткендей, интернетке қолжетімділік — қазіргі әлемде тек ақпарат алу құралы емес, білім, денсаулық сақтау және экономикалық мүмкіндіктерге жол ашатын негізгі фактор.

«2 миллиардтан астам адамның офлайн өмір сүруі технологиялық емес, әлеуметтік мәселе. Егер оларды қосу мүмкіндігі болмаса, әлемнің даму қарқыны тең болмайды», — деп жазылған ұйымның баяндамасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары