Қарағандыда кәсіпкер келіншектен 700 мың доллар бопсалаған жас жігіт ұсталды

/
Қарағандыда кәсіпкер келіншектен 700 мың доллар бопсалаған жас жігіт ұсталды
istockphoto.com

Қарағандыда полицейлер жергілікті кәсіпкер әйелден ірі көлемде ақша бопсалады деп күдіктелген 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, полицияға қаладағы сауда желілерінің бірінің 47 жастағы иесі жүгінген. Ол белгісіз адамдар өзіне өлтіреміз деп қорқытқанын, отбасы мүшелеріне қысым көрсеткенін және мүлкін жоямыз деп сес көрсеткенін, осылайша 700 мың доллар беруді талап еткенін айтқан.

Құқық қорғау органдары бопсалауға қатысты қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру шараларын бастаған. Жұмыс барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікті анықталды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрін таңдады. Тергеу жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары