Егер түн сайын ұйықтай алмай, қой санап жатсаңыз, ағзаңызда ұйқыға қажетті дәрумендер жетіспеуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, кейбір дәрумендер мелатонин мен серотонин деңгейіне әсер етіп, терең әрі сапалы ұйқыны қамтамасыз етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
С дәрумені
Бұл дәрумен тек иммунитет үшін емес, ұйқы сапасын жақсарту үшін де қажет. Зерттеулер көрсеткендей, С дәруменінің жоғары деңгейі ұйқы апноэсының (адамның ұйқы кезінде тынысы уақытша тоқтап қалатын жағдай) қаупін төмендетеді.
Қайдан аламыз: цитрус жемістерімен қатар, қырыққабат, таңқурай, қызанақ, клюква, қарақат, құлпынай және тәтті бұрыш құрамында мол.
D дәрумені
Бұл – күн сәулесінен түзілетін «күн дәрумені». Оның жетіспеушілігі көңіл-күйдің төмендеуіне, ұйқы бұзылыстарына және шаршағыштыққа әкеледі. 2018 жылғы зерттеу бойынша, D дәруменінің деңгейі 20 нг/мл-ден төмен болса, ұйқының бұзылу қаупі бірнеше есе артады.
Қайдан аламыз: балық (лосось, скумбрия), жаңғақтар, саңырауқұлақ, жұмыртқа, ірімшік, зәйтүн майы және дәндер.
В тобының дәрумендері
Бұл топтағы дәрумендер триптофан атты заттың ағзаға түсуін реттейді: дәл осы заттан мелатонин түзіледі. Ал мелатонин біздің ұйықтау уақытымыз бен түнгі тынығудың сапасын басқарады.
Қайдан аламыз: сүт өнімдері, бауыр, бүйрек, майы аз ет, тұтас дәнді нан, картоп, жаңғақтар мен цитрус жемістері.
Мамандардың айтуынша, егер жиі ұйықтай алмайтын болсаңыз, алдымен ағзадағы дәрумен деңгейін тексеріп, қажет болған жағдайда тамақтану рационыңызды қайта қараған жөн.