«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Орал қаласы прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жыл басынан бері Орал қаласы бойынша бұрын сотталып, шартты жаза берілген және бостандығын шектелген 68 адамның жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғаны анықталды.
Сол себепті олардың жазасы нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Прокуратура жазаны өтеу тәртібін сақтау мен үкімді орындаудағы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын еске салды.