Астанада қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады

/
Астанада қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады
istockphoto.com

Синоптиктер ауа райының нашарлайтыны туралы ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 13 қараша, бейсенбіге арналған Астана мен Алматыдағы ауа райы болжамын ұсынды.

Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, түнде және таңертең аздаған қар, тұман, көктайғақ болады.

Желдің жылдамдығы 9–14 м/с шамасында.

Ауа температурасы түнде –6…–8°C, күндіз –2…–4°C болады.

Алматыда да ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады.

Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.

Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +9…+11°C шамасында күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары