Жамбыл облысында мектеп оқушылары уланып қалған

/
Жамбыл облысында мектеп оқушылары уланып қалған
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында орта мектеп оқушылары арасында тамақтан улану жағдайы тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аудандық орталық аурухананың мәліметінше, 11 қараша күні таңертең балалар мектептің қарсысындағы жеке дүкеннен сатып алынған фастфуд пен кириешки жеген. 1–2 сағаттан кейін улану белгілері байқала бастаған.

"Барлығы 12 оқушы Байзақ аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде тексеруден өтті. Балалардың жағдайы тұрақты, нашарлау белгілері жоқ. Қазіргі таңда олар үйінде", – деп хабарлады басқармадағылар.

Балаларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Уланудың себебін анықтау үшін зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары