Ғалымдар әлеуметтік желідегі жүздеген блогерлердің жазбаларын талдап, күтпеген нәтижеге келді: тым тартымды адамдарға көрермендер азырақ сенеді және сирек жазылады. Ал қалыпты, табиғи келбеті бар адамдардың аудиториясы керісінше тұрақты әрі адал болып шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz theconversation.com-ға сілтеме жасап.
Зерттеу авторлары мұның психологиялық астары барын айтады: көрермен мен блогер арасындағы «сұлулық алшақтығы» өз бағасын төмендетіп, адамда ішкі күйзеліс туғызады. Мұндай жағдайда көрермен керісінше өзін ұқсатып көретін, «мінсіз емес» тұлғаларға көбірек сенім білдіреді.
Психологтар атап өткендей, жасанды мінсіздік фильтрлермен өңделген бет, мінсіз дене мен мінсіз өмір көбіне сенім емес, қызғаныш сезімін тудырады. Ал қарапайым адамдық әлсіздіктер мен шынайы эмоциялар, керісінше, аудиториямен жақындық пен сенімділік атмосферасын қалыптастырады.