Шығыс Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары қорғалды

/
Шығыс Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары қорғалды
istockphoto.com

Самар ауданының прокуратурасымен мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау нәтижесінде 39 азаматтың, соның ішінде 7 кәмелетке толмағанның, «инватакси» қызметіне мұқтаж екені анықталды.

Алайда 2022 жылдан (аудан құрылған кезден бастап) бастап заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «инватакси» қызметі жүзеге асырылмаған. Аудан әкімдігімен тұтынушылар санатын және тізбесін кеңейту туралы қаулы қабылданбаған.

Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік мүгедектігі бар адамдарға көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады.

Бюджеттен 27 млн теңге бөлініп, шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы автокөлік сатып алынды, сондай-ақ тұрақты түрде көлік қызметін көрсету үшін жүргізуші жұмыс орны ашылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары