«Қар, аяз, боран»: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

/
«Қар, аяз, боран»: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңірінде 4-6 қараша күндері дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен жел соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с құрап, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Жолдарда көктайғақ пайда болады деп күтіледі. Петропавлда солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүгінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. 5 қарашада түнде сынап бағаны -5...-10 градус суықты көрсетеді, 6 қарашада одан ары төмендейді. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандандарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.  Сынап бағаны күндіз +3...+8 градусқа дейін төмендеп, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 0 градус болады. Шымкентте 4 қарашада жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +3...+5 градусқа дейін күрт төмендейді. Түркістанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +3...+5 градусқа дейін күрт төмендейді.

Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Ауа температурасы 5 қарашада түнде 0...-5 градусқа, облыстың солтүгінде, таулы аудандарында температура -8 градусқа дейін күрт төмендейді, 6 қарашада сынап бағаны одан әрі төмендейді. Таразда 5 қарашада ауа температурасы түнде -1...-3 градусқа дейін күрт төмендейді. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз жаңбыр жауып, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы 5 қарашада -1...-6 градусқа, таулы аудандарда -8...-13 градусқа дейін күрт төмендейді, 6 қарашада сынап бағаны одан әрі төмендейді. Қонаевта солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Жетісу облысының батысында, орталығында жаңбыр жауады, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Ауа температурасы 5 қарашада -1...-6 градус суық болады, таулы аудандарда сынап бағаны 8-13 дейін, 6 қарашада одан ары күрт төмендейді. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Қарағанды қаласында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оралда 4 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. 

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауады деп күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деп болжанады. Солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Бұған дейін Алматы қаласы мен Алматы облысында күн райы күрт бұзылатыны ескертілген. Оңтүстік мегаполис әкімшілігі қар күрейтін техниканы алдын ала сайлап қойғандарын мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары