Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Теректі ауданының 32 жастағы тұрғыны Сырымбек Сайлауға қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оған Қылмыстық кодекстің «Айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша айып тағылған. Үкімді алқабилер шығарды.
Еске салайық, қайғылы оқиға 28 мамыр күні Теректі ауданының Шаған ауылында болған. Айыптау актісіне сәйкес, сотталушы бұрынғы әйелін өз туған інісімен бірге ұстап алған. Қызғаныштың әсерінен ол әйелді айрықша қатыгездікпен өлтіріп, інісін өлтіруге оқталған.
Алқабилердің шешімімен Сырымбек Сайлауға екі бап бойынша кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол марқұмның туыстарына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Жазасын өтеу орны ретінде орташа қауіпсіздік мекемесі таңдалды, себебі Сайлауов бұрын сотталмаған, қылмыс қайталау дерегі жоқ.
Сотталған Сайлауов алқабилердің үкімімен келіспейтінін айтты, себебі олардың көпшілігі әйелдер болғандықтан, өзіне әділетсіз көзқарас танытқан болуы мүмкін деп санайды.
«Мен міндетті түрде апелляциялық шағым түсіріп, үкімге қарсы боламын», — деді ол.
Марқұмның әпкесі Сая Бекжанова үкіммен келісетінін және оны әділ деп санайтынын айтты.
Айта кетейік, қаза болған әйелдің артында ата-анасыз қалған үш кішкентай бала қалды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ және ол шағымдануға жатады.
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        